Динашева Ләззат Сәрсенбекқызы

Динашева Ләззат Сәрсенбекқызы

 Тарих ғылымдарының кандидаты

            Динашева Ләззат Сәрсенбекқызы 1969 жылдың 27 қазанында Шымкент облысы, Келес ауданы, Абай ауылында дүниеге келген.1976 жылы Ә.Жанкелдин атындағы орта мектепке барып, 1986 жылы Л.Жолдасов атындағы орта мектепті үздік аяқтады.

            1986-1988 жылдар аралығында Ғ.Мұратбаев атындағы орталау мектепте мұғалім болып қызмет атқарды.

            1988 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының тарих және педагогик факультетіне түсіп,  1993 жылы бітіріп шықты.

            1993 жылы Оңтүстік Қазақстан араб тілі институтында оқытушы; 1994-1999 жылдар аралығында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ аспирантурасында оқыды.

            Тарих ғылымдарының докторы, профессор С.Жолдасовтың жетекшілігімен   1999 жылы ҚР ғылым академиясында «Патша үкіметінің Оңтүстік Қазақстанда жүргізген қоныс аудару саясаты:жаңа көзқарас.(1867-1917жж.)» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғап шықты.

            1999 жылы Оңтүстік Қазақстан араб тілі институтында оқытушы; 2003 жылдың қаңтар айынан Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ тарих факультетінің бүкіл әлем тарихы кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарып келеді.